Қарағанды 03:18 Таң
  • 03:18 Таң
  • 05:18 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 18:42 Екінті
  • 21:09 Шам
  • 23:09 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру
Маямеров Ержан Малғажыұлы
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

АБДУЛЛА ИБН ӘБУ ТАЛХА

(عبد الله بن أبي طلحة رضي الله عنه)

Абдулла ибн Әбу Талха (رضي الله عنه) пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (صلي الله عليه وسلم) көзі тірісінде дүниеге келді[1]. Мәшһүр сахаби Әнәс ибн Мәлікпен (رضي الله عنه) бір анадан туған. Әкесі Әбу Талха Зәйд ибн Сәһл әл-Ансари (رضي الله عنه) пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (صلي الله عليه وسلم) әйгілі сахабилерінің[2] бірі болған. Сахаби Әбу Талха(رضي الله عنه)  өз есімімен емес куниясымен[3] мәшһүр болған. Пайғамбарымыздың (صلي الله عليه وسلم) нағашысы болып келеді. Ақаба антында уәкіл болып тағайындалғандардың бірі. Бәдір шайқасында, Ухұд шайқасында ерлігімен ерекше көзге түскен[4]. Анасы Умму Сүләйм бинти Милхан әл-Ансария (رضي الله عنها). Мәдинада мұсылманшылықты алғаш қабыл еткен әйелдердің бірі. Сахаби Әнәс ибн Мәлік өгей әкесі Әбу Талха мен анасы Умму Сүләймнің (رضي الله عنها) некелесуін былай деп әңгімелейді.

«Әбу Талха Умму Сүләймге құда түсті. Умму Сүләйм: «Уа, Әбу Талха! Сен сияқты адам кері қайтарылмайды. Алайда сен кәпір адамсың. Ал мен мұсылман әйелмін. (Сондықтан) саған күйеуге шыға алмаймын. Егер мұсылманшылықты қабыл етсең, сенен алатын мәһірім[5] сол болсын. Сенен басқа нәрсе сұрамаймын» -деді. Әбу Талха ұсынысты қабыл алып, мұсылман болды. Умму Мүләймнің мәһірі осы болды» [6].

Міне осы берекелі некеден пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (صلي الله عليه وسلم)  еркелететін Әбу Ұмайыр дүниеге келді. Сахаби Әнәс ибн Мәлік(رضي الله عنه)  былай дейді:  

«Пайғамбар (صلي الله عليه وسلم) мінез-құлық тұрғысынан адамдардың ең жақсысы еді. Менің Әбу Умайыр атты бауырым болатын. Меніңше ол сол шақта емшектен шықты-ау деймін. (Сол бауырымды) Пайғамбар (صلي الله عليه وسلم) бізге келгенінде: «Уа, Әбу Умайыр! Нұғайыр[7] не істеді?» деп еркелететін еді. Ол сол «нұғайырмен ойнайтын еді»[8].

Міне, осы Әбу Умайыр өмірден озды. Умму Сүләйм (رضي الله عنها) күйеуі Әбу Талхадан (رضي الله عنه) баласының қайтқандығын жасырады[9]. Имам Бұхари мен имам Мүслім (رحمهماالله) уақиға желісін былай тарқатады. Риуаят сахаби Әнәс ибн Мәліктен (رضي الله عنه).

«Әбу Талханың аурушаң баласы болатын. Әбу Талха сапарда жүргенде сол сәби дүниеден өтті. Сапардан оралысымен Әбу Талха: «Балам не қылды?», - деп сұрады. Умму Суләйм (яғни) баланың шешесі: «Ол бұрынғысынан жақсы» - деді де, күйеуіне кешкілік тамағын берді. Ол тамағын ішіп, әйелімен қосылып болған соң оған: “Баланы жерлеңдер”, - деді. Таң ертеңгісін Әбу Талха Алланың елшісіне  (صلي الله عليه وسلم) келіп болған жайды айтып берді. Ол: «Осы түнде сендер қосылдыңдар ма?», - деп сұрады. Әбу Талха: “Иә” – деп жауап берді. Алланың елшісі(صلي الله عليه وسلم): «Уа, Алла! Бұл екеуіне  береке бер”, - деп дұға етті. Уақыт өте келе Умму Суләйм ұл бала дүниеге әкелді.

(Бала дүниеге келген соң) Әбу Талха маған: «Баланы пайғамбарға (صلي الله عليه وسلم) апар! - деп баламен бірге бірнеше құрма беріп жіберді. (Алланың елшісіне (صلي الله عليه وسلم)  баланы алып барғанымда): «Баламен бірге бірнәрсе бар ма?”, - деп сұрады.

Мен: “Иә, құрма бар”, - дедім. Алланың елшісі (صلي الله عليه وسلم) құрманы алып (аузына салды). Құрманы шайнағаннан соң, аузынан алды. Артынша (шайналған құрманы) баланың аузына салды. Кейін тахник жасады[10]. Артынша атын Абдулла деп қойды[11] 

Имам Мүслим (رحمه الله) келтірген өзге риуаят желісінде уақиға төмендегідей өрбиді. Риуаят сахаби Әнәс ибн Мәліктен (رضي الله عنه). 

«Әбу Талханың Умму Суләймнан туған баласы дүниеде өтті. Умму Суләйм жақындарына: «Әбу Талхаға баласы жайлы мен өзім айтпайынша айтпаңдар», - деді. Ол сапардан келгенде, оған кешкілік тамағын берді. Ол тамағын ішіп-жеді. Артынша (Умму Суләйм күйеуімен жақындасуға) бұған дейін әсемденіп әзірленгеніндей арнайы әзірленді.  Әбу Талха әйелімен жақындасты. Умму Суләйм күйеуінің қарны тойып, өзімен жақындасып көңілі көншігенін көргеннен кейін оған: «Уа, Әбу Талха! Маған мынаны айтшы, егер біреулер  бір отбасына (уақытша) қолдануға бір зат береді. Содан (уақыт өте келе) сол затты қайтарып беруін талап етсе, оны сол отбасының мүшелерінің қайтармай қарсыласуы керек пе?», - деп сұрады. Ол: «Жоқ», - деп жауап берді. Умму Суләйм оған: «Онда сауап-сыйын Алладан күт! (сен балаңнан айрылдың)», - деді.

Сахаби Әнәс ибн Мәлік сөзін былай жалғастырды: Ол ашуланып әйеліне: «Сен ұлым туралы менімен жақындасып үстімді былғағаннан (жүніп халінен) кейін маған айттың!», - деді. Дереу Алланың елшісіне(صلي الله عليه وسلم), барып, болған жайды баяндап берді. Алланың елшісі(صلي الله عليه وسلم): «Сендердің өткізген түндеріңе Алла береке берсін!”, - деп дұға жасады.

Сахаби Әнәс ибн Мәлік (رضي الله عنه) сөзін былай жалғастырды: Осы түнннен кейін Умму Сулуйм жүкті болды. Содан уақыт өте келе Алланың елшісі (صلي الله عليه وسلم)  сахабаларымен бірге) сапарға шықты. Сол сапарға бірге шыққандардың ішінде Умму Суләйм да болды. Алла елшісі (صلي الله عليه وسلم) ешқашан сапардан Мәдинаға түнделетіп оралмайтын. Олар Мәдинаға жақындағанда Умму Суләймның толғағы басталып, Әбу Талха әйелімен сол жерде қалды. Ал, Алланың елшісі (صلي الله عليه وسلم) сапарын жалғастырды. Қалып қойған Әбу Талха: Уа, Раббым! Расында, Сен менің Алланың елшісі сапарға шыққанда бірге сапарға шығуымды, оралғанда да, бірге оралуды жақсы көретінімді білесің. Сен менің сол ісіме, ненің бөгет болып тұрғанын көріп тұрсың”, - деді. Бұны естіген Умму Суляйм: “Уа, Әбу Талха! Менің толғағым басылған тәрізді. Бастап жүре бер», - деді. Сонымен біз жүріп кеттік. Мәдинаға жеткен кезде Умму Суләймға толғақ қайтадан келіп, дүниеге ұл әкелді. Сонда шешем (яғни, Умму Суләйм) маған: «Уа, Әнәс, сен таң атқанда, оны Алланың елшісіне (صلي الله عليه وسلم) апарғаныңша балаға ешкім емшек бермесін!», - деді. Мен таң атысымен сәбиді Алланың елшісіне (صلي الله عليه وسلم) апарып бердім» деп уақиғаның қалған бөлігін жеткізген.

Осылайша Пайғамбарымыздың (صلي الله عليه وسلم) дұғасы қабыл болып,  дүниеге Абдулла атты шекесі торсықтай ұл бала дүние есігін ашты. Есейіп ер жетті. Ғылым оқыды[12]. Отбасына береке дарып, бала-шағалы болды. Имам Бухари (رحمه الله) келтірген бір риуаятта Ибн Уайайна[13](رضي الله عنه)Ансарлардан болған бірі сол Абдулла жайлы: «Мен оның тоғыз баласы болғандығын көрдім. Оның барлығы Құран Кәрім оқитын қари еді», деп айтқан еді» - дейді. Балаларының көпшілігі ғылыммен шұғылданды. Олар: Исхақ ибн Абдулла ибн Әбу Талха[14](رضي الله عنه), Абдулла ибн Абдуулла(رضي الله عنه) [15] және т.б.

Абдулла ибн Әбу Талхадан (رضي الله عنه) осы екі баласы және Әбу Туала[16] (رضي الله عنه) және өзгелер хадистер риуаят еткен. Абдулла (رضي الله عنه) аз хадис риуаят ететін. Хадистерді әкесі (Әбу Талхадан) (رضي الله عنه) және бауыры Әнәс ибн Мәліктен(رضي الله عنه)  риуаят еткен[17]. Міне пайғамбарымыздың (صلي الله عليه وسلم) дұғасын алған, саналы ғұмырын сахабалар салған сара жолды ұстанып өткен Абдулла ибн Әбу Талха(رضي الله عنه)  сахаби Әнәс ибн Мәліктің (رضي الله عنه) дүниеден өтуінен аз уақыт алдын дүниеден өтті[18]. Алла Тағала оған разы болсын!

Дайындаған: Бауыржан Әлиұлы

 


[1]Сияру Әғламин-Нубала, 3 том, 483 бет.

[2] Сахаба – арабшадағы схб түбірінен туындаған көпше түрдегі есім сөз, жекеше түрі сахаби. Пайғамбарымызбен көзі тірісінде кездесіп, мұсылман болған әрі сол мұсылманшылдығымен дүниеден өткен жанды хадис ғалымдары сахаба деп атаған.(Қараңыз, әл-Исабату фии тәмиизим-Сахаба)

 

[3] Ұл немесе қыз баласының есімімен байланыстырылып ұлықтау мақсатында қойылатын есім.Мысалы, біреудің Абдулла деген ұлы болса, оны араб дәстүрінде Әбу Абдилла яғни Абдулланың әкесі деп атайды.

[4] Усдул-Ғаба, 2 том, 361 бет.

[5] Мәһір – некелесу барысында немесе кейін өтеу шартымен келісілген қалыңдыққа берілетін дүние-мүлік немесе ақша.

[6] Усдул-Ғаба, 2 том, 361 бет.

[7] Нағр сөзінің кішірейтілген түрі. Нағр тұмсығы қызыл кішкене құс.

[8] Хадисті риуаят еткен имам Бұхари (Алла рақымына бөлесін) мен имам Мүслім (Алла рақымына бөлесін).

[9] Сияру Әғламин-Нубала, 3 том, 483 бет.

[10] Жаңа туған сәбидің анасының сүтін бермей тұрып таңдайына шайналған құрманы немесе тәтті нәрсені жағу.  

[11] Хадисті риуаят еткен имам Бұхари (Алла рақымына бөлесін) мен имам Мүслім (Алла рақымына бөлесін).

[12] Сияру Әғламин-Нубала, 3 том, 483 бет.

[13] Суфиян ибн Уайайна. Имам Мәліктің замандасы. Әйгілі әтбағут-табиғиндердің бірі. Алла Тағала оны рақымына бөлесін!

[14] Һижри 132 жылы дүниеден өткен. Әйгілі имам Мәліктің шейхі. Көптеген хадистер риуаят еткен сенімді (сиқа) риуалердің бірі. Алла оған разы болсын!

[15] Һижри 134 жылы дүниеден өткен. Сенімді (сиқа) рауилердің бірі. Алла оған разы болсын!

[16] Абдулла ибн Абдуррахман әл-Ансари. Мәдина қаласының қазиы болған. Күндізін оразамен, түнін құлышықпен өткізетін. Шамамен һижри 130 жылдардан кейін дүниеден өткен. Алла оған разы болсын!

[17] Сияру Әғламин-Нубала, 3 том, 483 бет.

[18] Сахаби Әнәс ибн Мәлік һижри 93 жылы дүниеден өткен. Алла оған разы болсын!

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    07 желтоқсан 2016 жыл АЛМАТЫДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика