Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбеде ерекше қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)
15 наурыз, 2018 жыл 173 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен биылғы жыл «Ислам және отбасы» жылы болып белгіленді. Игі бастама аясында бүгін Ақтөбе өкілдігі қаладағы «Жастық» халал мейрамханасында 50 адамға қайырымдылық дастарханын жайып, ілтипат көрсетті.

Мұнда мейман ретінде шақырылған жанұя мүшелері – ерекше жігерлі жандар. Себебі, олардың әр күні – күреске толы. Олардың қатарында – арбаға таңылған баласына қамқор ана, мүмкіндігі шектеулі жолдасының жанынан табылған адал жар, немерелеріне бас-көз болып жүрген батыр әже де бар. Білген жанға, батырлық – сауыт киіп, соғысқа аттану ғана емес. Бауыр еті балаңа түскен сынақты бөлісе көтеріп, оның мүмкіндігінің шектеулі екендігін сездірмеу, «қол-аяғы» да, қолғанаты да болу - тағдыр майданында тайталасқанмен тең. Олар - сол үшін де бүгінгі күннің батырлары...

Өкіл имам Төлеби Оспан отбасындағы береке мен бірліктің, өзара түсіністіктің болуы жанұя мүшелерінің ынсаптылығынан, бақыт пен байлықты материалдық құндылықпен ғана шектемей, бас амандығы бар әр күнді бағалай білуден басталатындығын тілге тиек етті. Тәңір жазған сынаққа сабырлықпен төтеп беріп келе жатқан сырқат жандар мен олардың жанұяларына Алланың рақымын тілеп, дерттеріне шипа бұйырсын деп дұға етті. Бүгінгі тоқшылық заманды «алтын ғасыр» деп атаған Роза әжей де жас отбасыларға өсиетін айтып, басты байлық – денсаулық деген ойын жеткізді. Дәм басында басқа да тағылымды әңгімелер, отбасының құндылықтарын сақтау жайында айтылды.

Шара соңында «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының атынан әр отбасыға естелік сыйлықтар сыйға тарту етілді.

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.02.40

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.20

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.02.55

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.18

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.22

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.27

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.33

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.02.51

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.38

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.39

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.40

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.35

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.43

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.45

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.46

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.47

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.54

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.03.58

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.05.341

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.05.33

WhatsApp Image 2018 03 14 at 17.05.34

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары