Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ӨКІЛ ИМАМ АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
15 наурыз, 2018 жыл 223 Басып шығару нұсқасы

Бас имам Еркінбек Шоқай Алматы қаласы, Бостандық ауданының мешіттерін аралап, жамағатпен жүздесті.

Алматы қаласының «Орбита-3» мешіті мен «Бақыткелді» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысқан бас имам ақшам намазына жиналған жамағатқа жақсылық жасаудың, бірлігімізге бекем болудың маңыздылы туралы тағылымды уағыз айтты.

Бостандық ауданының жұмысымен танысу барысында бас имам Еркінбек Шоқай мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын, мешіт құжаттарын және мешіт қызметкерлерінің жұмыс тәртібін, мешіттің қауіпсіздігін қадағалап, сауат ашу курсы мен ағартушылық бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

«Алматы сияқты ірі мегаполистегі қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандар мен халық ең көп орналасқан іргелі Бостандық ауданындағы мешіттердің алар орны ерекше. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен жарияланған «Ислам және отбасы» жылына орай жоспарлы шаралар ұйымдастырып, Діни басқарма бекіткен 4 бағыт бойынша жұмысты жандандыруымыз керек. Әсіресе, сауат ашу курсы мен ағартушылық бағытындағы жұмыстарды үнемі ілгерілетіп, дамытып отыру керек», – деп тапсырды бас имам. 

Аудандағы атқарылған жұмыстарды баяндаған бас имам Әсет Аташев «Орбита-3» мешіті мен «Бақыткелді» мешітінің рухани шаралары туралы айтып берді.  

«Бақыткелді мешітінде бас имам Бауыржан Қаңлыбаев бастаған қызметкерлер жұмыс атқарып келеді. 300-ге жуық шәкірт Құран, Тәжуид, Хадис, Фиқһ ілімдерінен сабақ алып, 6-10 жас аралығындағы шәкірттер 7 парадан Құран жаттап алды. Жақсы білім алған 8 шәкіртіміз Нұр- Мүбарак университетіне түсті. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бастамасына орай аудан бойынша игі істер жасалып келеді», – деді  бас имам Әсет Аташев.  

Алдағы уақытта аудан мешіттерін аралап, атқарған жұмыстарымен танысу жалғасын таппақ. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары