Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Білікті теолог «Әл-Ғани» мешітінде уағыз айтты (ФОТО)
07 сәуір, 2016 жыл 755 Басып шығару нұсқасы
Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінің жамағаты білікті теолог, «Нұр Астана» Орталық мешітінің наиб имамы Қабылбек Әліпбайұлымен кездесу өткізіп, әсерлі уағызына қанықты

Ақшам намазынан соң мешіт жамағатына «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл бейнесі» тақырыбында сөз қозғаған Қабылбек Әліпбайұлының уағызы тыңдаушыларын тарих тереңіне сүңгітіп, адамзаттың ұстазы болған ұлы тұлғаның ғұмырынан ғибраттануға жетеледі.

«Әл-Ғани» мешітінің бас имамы қызметіне жақында тағайындалған Бағдат Абдукаримов жамағатқа алдағы уақытта кешкі уағыз жұмыстарының тұрақты түрде жүргізіліп отыратынын жеткізді. Мешіт мінберіне Астана қаласындағы білікті дін мамандары шақырылып, түрлі тақырыптар көтеріліп отыратыны мешіт жамағатының да ризашылығын тудырып, мерейін көтеріп тастады.

Бекітілген жоспар бойынша, «Әл-Ғани» мешітінің жамағатымен келесі аптада «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Асқар Мұқанов шақырылып отыр. 

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары