Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚАНАТ ИСЛАМ АТЫРАУЛЫҚ ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫ (ФОТО)
15 қараша, 2016 жыл 239 Басып шығару нұсқасы

11 қарашада Атырауға кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келіп, Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спортшы Атырауға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының шақыртуымен барды.

"Біздің спортшылар Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы жеңістерінен шабыт алады, - деді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет. - Біз боксшыны осында бірнеше кездесу өткізіп, балалар үшін шеберлік сағатын өткізуі үшін шақырды".

Алайда мұның алдында Қанат Ислам Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйіне барды. Мұнда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Боксшы балалармен еркін әңгімелесіп, олардың дайындаған концертін тамашалады, сонымен қатар, балалар үйіне плазмалық теледидар сыйлады.

"Қоштасу алдында айтқым келетіні, - деді Қанат Ислам балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қарата. - Өмірде түрлі жағдайлар болады, барлығын бір сәтте тастай салып, жеңілгің келеді. Адамның әлсіздігі жеңіп, төзімділік пен ерік-жігеріңді құм қылады. Осындай жағдайда қарсы төтеп беріп, қысымды екі есе көбейту керек. Біз бүгінде білетін чемпиондар "ешқашан жеңілмеу керек" деген ұстаныммен өмір сүрген. Осы ережені ұстансаңдар, қандай қиындық туса да, әрдайым жеңіске жетесіңдер".

Қанат Ислам бұдан кейін студенттермен кездесіп, жас боксшыларға сабақ өткізді, сондай-ақ Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті. 

Еске салайық, Қанат Ислам 2012 жылы бірінші орта салмақтағы WBA Fedecaribe титулын иеленген. Спортшы 2008 жылғы олимпиаданың қола жүледегері, және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Бұған дейін ол "Astana Arlans" (WSB) командасының капитаны болған.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде отандасымыз ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Осылайша, спортшымыздың қоржынында 22 жеңіс бар, оның 18-і нокаутпен аяқталған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары