Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ОҚО: Өкіл имам аудан әкімімен кездесті (ФОТО)
14 сәуір, 2018 жыл 210 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Мақтарал ауданына жасаған іс-сапары барысында алғаш болып Мақтарал аудандық орталық «Нұғман» мешітіне ат басын тіреді.

Өкіл имам орталық мешіттің тыныс-тіршілігімен жақыннан танысқан соң өз бағасын беріп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Келесі кезекте облыстан келген қонақтар Мақтарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қабылдауында болды. Аудан әкімі өңірге келген өкіл имам бастаған делегаттарға шынайы ыстық ықыласын білдірді.

Кездесу барысында өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы және ақылдастар алқасының мүшесі Шалатай Мырзахметов жаңадан тағайындалған аудан әкімін қызметімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде аудан әкімі: «мемлекет осы уақытқа дейін бізді тәрбиеледі, ендігі кезек біз Отанға қызмет жасауымыз қажет» - деп, алдағы уақытта ынтымақтастықта, бірлесе отырып жұмыс жасауға уәделесті. Сапар соңында Бақтыбай қажы Бейсенбаев қала және ауыл имам- молдаларымен кездесіп, сұқбаттасты. 

IMG 332

IMG 333

IMG 334

IMG 335

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары