Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылордалық қарилар бәйгеде бақ сынасты (ФОТО)
16 сәуір, 2018 жыл 249 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде облыстық Құран жарысы өтті.

Құран Кәрімді ұлықтау мақсатында өткізілген ауқымды шарада ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы:

«Пайғамбарымыз: «Құранды оқушы құлға қиямет күні, оқы көтеріл, дүние өмірінде қалай көркемдеп оқысаң солай оқы. Сенің мәртебең, ең соңғы оқитын аятың» дейді. Құран өзін оқығанға шапағатшы. Сіздер - екі дүние бақытының кілті Алланың кәләмін жаттаған бақытты жансыздар. Сіздердей салихалы ұрпақтарымыздың санының көбеюі біз үшін үлкен қуаныш. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші, бүгінгі сайыста баршаңызға сәттілік тілеймін»,- деп игі шараны ашып берді.

Қызылорда облыстық «ардагерлер ұйымының» төрағасы Сейілбек Шауқаманұлы:

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді деген, сіздердің дәрежелеріңіз жоғары. Еліміздің болашағы жастар десек, рухани жаңғыру жолында осындай жастарымыз көбейсе, келешегіміз үшін алаңдамауға да болады»,- деді.  

Облысқа қарасты аймақтардан жиналған 40-қа жуық үміткер қарилар Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан сынға түсті.

«Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша

І-орын Айдаров Әбдіқадір (150 000 тг)

ІІ-орын Азизов Абдухалық (100000 тг)

ІІІ орын Ходжанепесов Сердар (70000 тг)

«Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша

І-орын Абжалов Азамат (100000 тг)

ІІ-орын Бабажанов Әмірхамза (70000 тг)

ІІІ-орын Әбілсейітұлы Әділқазы (50000 тг)

«Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша

І-орын Садуов Шыңғыс (70000 тг)

ІІ-орын Зайтжан Сержан (50000 тг)

ІІІ-орын Табын Мұхамедсали (30000 тг)

«Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша

І-орын Асқарұлы Берік (50000 тг)

ІІ-орын Аюбай Нұрмұхамед (30000 тг)

ІІІ-орын Бақытжан Ерали (20000 тг)

жүлделі орындармен марапатталып, І-орын иегерлері VII республикалық Құран байқауына жолдаманы қанжығаларына байлады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар таратылды және де Дүйсенбеков Бекзатхан қариға көзінің көрмейтініне қарамастан, еш мойымай Құран Кәрімді жаттап жүргені үшін өкіл тарапынан ақшалай сыйақы табысталды.

Аталмыш сайыста төрелік етуге арнайы шақыртылған «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор Мұхаммед Абдулхамид Хаттаб қатысушылардың деңгейін жоғары бағалап, баршаға ризашылығын білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары