Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Магистранттар мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды
18 сәуір, 2018 жыл 187 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Мүбарак университетінде магистратура бөлімінің биылғы түлектері мемлекеттік емтихан сынағын аяқтады. Дінтану, Исламтану саласында екі жыл білім алып, ғылым әлеміне алғашқы қадамдарын жасап үлгерген магистарнттардың білімін саралауда мемлекеттік емтихан аса жауапты. Биыл мемлекеттік комиссияға төрағалықты Қазақстан мұслымандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің Бас кеңесшісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, филол.ғ.д. Мұхаммад-Хусейн Алсабеков атқарды. Мемлекеттік емтихандардың соңғы легін болашақ дінтанушы-магистрлар аяқтады. Ғалымдар тобы  шәкірттердің білімін мұқият саралап, нәтижелерін жариялады. Қорытындылау сәтінде комиссия төрағасы шейх Мұхаммад-Хусейн Алсабеков болашақ түлектерге:

"Біздің елімізге өздеріңдей білімді мамандар керек. Қазір жастардың білімге деген құштарлығы, ұмтылысы ерекше қуантады. Сондықтан, білім-ғылымға ұмтылған жастарға үнемі қолдау көрсетіп, білгенімізді айтуға дайынбыз. Бірақ білім жолында тоқтап қалмау керек, біз бала кезден білімге ұмтылсақ та, әлі өзімізді ұстаздар алдында шәкірттей сезінеміз. Дін саласы да телегей теңіз ілім әлемі, осы ғылым баспалдағына жасаған қадамдарың мығым, ілімдерің елге пайдалы болсын", – деп жылы лебізін білдірді.

Дінтану кафедрасының меңгерушісі, РһD, қауымдастырылған профессор Қалмахан Ержан емтихан кезіндегі жағдайларға тоқталып, алдағы магистрлік диссертацияны сәттілікпен қорғауға тілектестік білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары