Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Семинарда  «Ислам және отбасы» тақырыбы талқылануда
19 сәуір, 2018 жыл 141 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігі ұйымдастырған «21-ғасырдың үздік зияткер имамы» семинары аясында  «Ислам және отбасы» тақырыбы  кеінен талқылануда. Семинарға қала мешіттерінің әйел ұстаздары, «Әйелдер-қыздар секторының» белсенділері және сауат ашу курсының әйел шәкірттері, кейбір қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.   

 Дінтанушы, ғалым Сансызбай Құрбанұлы: 

«Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы- исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі-отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген. Қазақ халқында ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық тәрбиенің озық үлгісі бар. Тәрбиенің бұл тамаша озық үлгісі ғасырлар сынынан өткен, ұлағат пен өнеге сіңген зор тағылымдардың құндылығының жиынтығы деуге болады. Отбасы бірлігі бекем болса болашағымыз да баянды, ұрпақ тәрбиесі де ұлағатқа толы  болмақ»,-деді өз баяндамасында.

«Ислам және отбасы» тақырыбындағы семинардың мәні мен мазмұны туралы өкіл имам Жолдас Қоспақұлы:

«Биыл  Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кезекті хаттамалық жиналыста биылғы жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметі аясында «Ислам және отбасы» жылы деп атау туралы ұсыныс бірауыздан бекітілген еді. Биылғы 2018 – «Ислам және отбасы жылы» аясында көптеген отбасы мәселесін қамтыған тақырыптар бойынша арнайы шаралар өтеді. Тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады. Мешіт жанынан «Отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығын» ашудамыз»,-деді өңірлік БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары