ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өткен «Әр отбасыдан бір тал» акциясы аясында «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының ауласына көшет отырғызылды.
Облыстық өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы бастаған бір топ белсенділер: өкілдік жанынан құрылған «Шын жүректен» еріктілер тобы, мешіт жамағаттары мен жанашыр кәсіпкерлер 120 түп көшет отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, аталмыш мекемеге қажетті құралдар, дәлірек айтқанда, газон коселкасы мен арба, 5 суқұйғыш, 10 күрек, 10 тырма, 10 кетпен сыйға тартылды.
Бұдан кейін, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тұрғындары қолдаушы ағаларының көмегіне рахметі ретінде өнерлерін көрсетіп, жетістіктері мен қызықты сәттерімен бөлісу үшін қонақтарға үйлерін аралатып, жеке бөлмелерімен, қызығушылықтарымен таныстырды. Сондай-ақ, өз қолдарымен пісірілген тағам түрлерін ұсынып, дастарқан басында емен-жарқын сұхбат жүргізді.
Сұхбат барысында бас имам Болатбек Ұласқанұлы:
Жанашыр ағаларының ақ батасын алған балалар ізгі мақсатта игі жақсыларды бастап келген Бас имамға алғыстарын білдіріп, естелікке қолөнер туындысын тарту етті.
Пікірлер