Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Мысырлық делегация Нұр-Мүбарак университетіне тәнті болды (ФОТО)
20 сәуір, 2018 жыл 125 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Мүбарак университетіне мысырлық делегация арнайы ат басын тіреді. Әрине бұл жолы оқу-білім саласына қатысты емес, Египет Араб Республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиев  мырзаның ұйытқы болуымен  екі ел арасындағы бауырластықты күшейтіп, мәдени ынтымақтастықты арттырушы делегация деуге болады. Мысырдың Туризм министрлігінің  туризмді дамыту орталығының директоры Нармин Ханафи Абдурахим  ханым мен өз елінде аса танымал журналист Мұхаммед әл-Ғити түсіру тобымен университет ректоры, профессор жуда Басюнидің қабылдауында болып, шәкірттерімен кездесті. Қасиетті Құран аятымен басталған кездесуде қос елдің әнұраны қойылды. Университет жайлы бұрын сырттан естіп, бұл жолы көзбен көрген қонақтар өз таңданыстарын жасырмады. Сөз алған мысырлық журналист  Мұхаммед әл-Ғити мырза:

Нұр-Мүбарак университетімен танысып, ерекше сезімде отырмын. Елім үшін мақтанышым артқаны рас. Себебі сонау алыс елде білім мен ғылымның дамуына ат салысып, осындай университетте, осынша шәкірттерге білім беріп жатқан ғалымдарымызды көріп, осы мүмкіндікті бағалаңыздар дегім келеді. Себебі зерттеулердің бірінде ежелгі алғашқы білім Мысырда пайда болған деген дерек кездеседі. Мысыр елі үш өркениетті басынан өткерген көне мемлекет: перғауындар, копттар және ислам өркениеті. Әлемнің мысырдан үйренері көп, сондықтан әйгілі әл-Азһардан келген ғалымдардың ілімдерінен барынша сусындап қалуларыңызға тілекшіміз, — деп жүрекжарды лебізін ақтарып салды.

Ал келесі сөз алған Нармин Ханафи ханым осы сапарды, кездесуді ұйымдастыруға ат салысқан елші Арман Исағалиевке, ректор, профессор Жуда Басюниге алғысын білдіріп, шәкірттерге Мысыр жайлы видеомәліметтерді көрсете бастады. Біздің дәуірімізге дейінгі кезеңдерден келе жатқан әлемдік деңгейдегі тарихи құндылықтар мен қазіргі заманауи мүмкіндіктерге дейін таныстырып өтіп, артынша көрермендерге сұрақтар қойып, жеңімпаздарға түрлі сый-сыяпаттар табыс етті. Шәкірттер арасында Мысырға барған, бармаса да мысырлық ғалымдардан дәріс барысында таныс болған жағдайлардың мол екендігі қонақтарды тәнті етті.  Жалпы туризм Мысыр экономикасының ең маңызды салаларының бірі, бүгінде 4 миллионнан астам адам  туристік салада қызмет көрсетеді екен. Соңғы оны жыл шамасында туристер саны 5-тен 15 миллионға дейін өсіп, үш есеге өскен. Елдің ІЖӨ-нің 12 пайызға жуығы осы саяхатшылардан түсетін табыспен байланысты.

Осылайша туризм арқылы екі елдің ынтымақтастығын арттыруды көздеген делегация университет шәкірттеріне, ұстаздарына сәттілік тілеп, қазақ елінде осындай көне Мысырдың білім-ғылым өкілдгіндей болған жоғары оқу ордасының болашағына зор сенім білдірді.

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары