Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тұңғыш Президент күніне «Нұр-Мүбарак» студентері «Зәм-Зәм» газетімен тарту жасады (фото)
03 желтоқсан, 2016 жыл 563 Басып шығару нұсқасы

«Зәм зәм» - бұл Нұр-Мүбарак Ислам Египет мәдениеті университетінің, «Исламтану» кафедрасының жанынан құрылған студенттік ғылыми-танымдық қабырға газеті. Негізгі бағыты — студенттердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, газет тәжірибесіне бейімдеу. Сондықтан газеттің  «Ислам әлемі», «Халқын сүйген, салтын сүйер» (оқырмандардың жіберген мақалалары, әңгімелері), «Сіз білесіз бе?» (қызықты ақпараттар), «Университет жаңалықтары», «Хабарландырулар мен құттықтаулар», және «Газет ұжымы» сынды басты айдарлары бар. 

Газеттің басты мақсаты – асыл дініміздің өркендеуіне үлес қоса отырып, жастардың ғылымға, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттырып, олардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа деген құрметті күшейту. Осылайша «Зәм-зәм» – өзінің шығармашылығымен бөлісіп, ойын ашық жазғысы келетін әрбір студентке үлкен мүмкіндік бермек.

Газеттің көркемдік жағы барынша қазақы нақыштармен безендірілген. Қазіргі жаһандану үрдісіне еріп бара жатқан жастарға ұлттық мәдениетті насихаттау, жастардың рухани және бітім-болмысының жетілуіне, ғылымның, діннің, әдебиеттің дамуына үлес қосып,жастар арасында салауатты өмір салтын сақтау, дарынды жастарды табу, қолдау. Өйткені «Зәм-зәм» студенттердің өз араларынан шыққан шығармашылық ұжымның ой-идеясымен, армандарымен астасқан газет. Сондықтан газеттің шығармашылық тобына тоқталсақ, Бас редактор, филология ғылымдарының магистрі, «Исламтану» мамандығының 1 курс студенті Аманша Смағұл, Бас редактор орынбасары әрі тілші  2 курс студенті Оразбек Жамбылұлы, тілші-дизайнер «Шет тілі: екі шет тілі» мамандыңының 2 курс студенті Жазира Бауыржанқызы, тілшілер: Исатай Ақжолұлы, Бағи Бақытқызы және Мұратхан  Мұхитұлы.

Шығармашылық топ сабақтарымен бірге қабырға газетінің мақала-ақпараттарын әзірлеп, журналистика әлемінің қыр-сырымен де таныса бастағандай. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану арқылы ғылыми әлеуетін арттыру әрі тырнақалды туындыларын жариялай отырып, қоғамда студенттердің әдеби ортасын құрушы рухани бұлақ ретінде қалыптастыруды көздеген газеттің Бас редакторы Аманша Смағұл:

- Негізі, «Зәм-зәм» арабтың «жинал, жиналу» деген сөзінен шыққан.

Себебі, Ажар анамыз атқылаған суды қолымен тосып, оның құмға қайта сіңіп кетуінен сақтанып: «зәм-зәм», «зәм-зәм» яғни, «жинал-жинал» деп отырған екен. Ибн Аббастан жеткен хадисте Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ажар анамыз дәл осы сөздерді айтып, атқылаған суды тоқтатпақ болды» дегендігі айтылады. Қияметке дейін Алланың керемет мұғжизасын айғақтап тұрушы бұлақ осылай «Зәм-зәм» аталып кетсе, ал газет атауын «Зәм-зәм» деп берудегі мақсатымыз – жастар бір арнаға жиналсын, ғылым мен білімнен сусындай отырып, өз ойларын ортаға салсын, уақыттарын тиімді һәм пайдалы бастамаларға жұмсасын деген ойға негізделген болатын,-деп газетті қолға алғандағы басты мақсаттарымен бөлісті.   

Ибн Аббастан жеткен хадисте: «Жер бетіндегі ең жақсы су – «Зәм-зәм» суы. Оның кермек дәмі бар және сырқаттан айықтырады» (Табарани) дейді. Ендеше «Зәм-зәм» студенттік ғылыми-танымдық қабырға газеті де біздерге ең жақсы газеттердің бірі һәм бірегейі болады деген үміттеміз.   

Меккедегі зәм-зәм суын әлемнің кез-келген өңіріне алып барып пайдаланса да өз қасиетін жоғалтпайды. Зәм-зәм суын алып кету рәсімі – Пайғамбардың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті саналады. Яғни бүгін  қабырға газеті ретінде бастауын алған «Зәм-зәм» алдағы уақытта қолға ұстап оқи алатын, көпшілік оқырманға таралатын пайдалы баспасөзге айналсын деген игі тілегімізді де бар. Бұл әрі еліміздің Тұңғыш Президенті күніне жалынды жастардың жасампаз тартуы іспеттес. Болашақта «Зәм-Зәмнің» электронды нұсқасын университеттің www.nmu.kz  сайтынан оқи аласыздар.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары