3 желтоқсан Астана қаласындағы «Ғылмани» мешітінде Елорда имамдарының жылдық қорытынды жиналысы болып өтті. ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай Тағанұлының төрағалығымыен өткен жиналыс барысында Елордамыздағы сегіз мешіт имамдары бекітілген төрт бағыт бойынша атқарылған іс-шаралардың есебін баяндады. Қайырымдылық шаралары, уағыз-насихат жұмыстары, діни ағартушылық саласы мен теріс ағымдармен жүргізілген жұмыстар нәтижесін мешіт имамдары арнайы бейнеролик арқылы қатысушылар назарына ұсынып, сұрақтарға жауап қайтарды.
Осылайша, үстіміздегі жылы Астана мешіттерінде атқарылған іс-шараларға шолу жасалып, кеткен кемшін тұстары мен жеткен жетістіктері сарапталды. Жиналыс соңында ҚМДБ-ның наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы дін дамуына елеулі үлес қосқан 5 имамға арнайы «Алғыс хат», жұмыстарына сәттілік тіледі. Атап айтқанда, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлына биылғы қажылық маусымында Мекке қаласындағы уағызшылар қатарында атқарған еңбегі үшін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Алғыс хаты» тапсырылса, Қабылбек Әліпбайұлы, Нұрлан Рамазан, Әділхан Серікбайұлы, Асқар Мұқановтар теріс ағым жетегінде кеткен азаматтармен жемісті жұмыс жүргізгені үшін Астана қаласы өкіл имамының марапатына ие болды
Пікірлер