Қарағанды 18:36 Екінті
  • 03:07 Таң
  • 05:03 Күн
  • 13:10 Бесін
  • 18:36 Екінті
  • 21:06 Шам
  • 23:03 Құптан
  • Жәйрем
  • Қарағанды
  • Алматы
  • Астана
  • Аягөз
  • Ақтау
  • Ақсай
  • Ақтөбе
  • Арал
  • Арқалық
  • Атбасар
  • Атырау
  • Байқоңыр
  • Балқаш
  • Бейнеу
  • Екібастұз
  • Жаңаөзен
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Жаңатас
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жетісай
  • Қазалы
  • Қапшағай
  • Қандыағаш
  • Қаратау
  • Қостанай
  • Көкшетау
  • Құлсары
  • Қызылорда
  • Мақат
  • Миялы
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарыағаш
  • Сарыөзек
  • Семей
  • Сәтбаев
  • Степногорск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Үшарал
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шалқар
  • Шардара
  • Шымкент
  • Радио
  • Кіру
Маямеров Ержан Малғажыұлы
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

Назарбаев: Ана тілімізді түлетіп, ата дінімізді оралтқан айшықты елміз

15 желтоқсан елордада өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықты аталмыш мерекемен құттықтады.

«Қымбатты отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлы мерекеміз әрі еліміздің асқар асуы Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүрегімнен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Біз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігімізді  жер жүзіне жариялап,  күллі әлемге паш еттік. Алдымен көне түркінің бөрілі байрағының мұрагері көк туымызды БҰҰ төрінде желбіреттік. Әнұранымызды әлем көгінде әлеуеттік. Елтаңбамызды мәңгілік мөрге  айналдырдық. Төл теңгемізді  енгізіп, Ата заңымызды қабылдадық.  Қарулы  күштерімізді құрып, шекарамызды шегендедік. Мемлекеттік тілімізді әлемнің ең биік мінбесінен сөйлеткіздік. Біз 1500 жыл бұрын Күлтегін тұсында жазылған «Мәңгілік ел» ұғымын жалпыұлттық идеяға айналдырып, елдігіміздің 15 ғасырлық тамырына  нәр бердік. Мәңгі жасыл етіп гүлдендірдік», - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті терең тарихымыз бен мыңжылдық болашағымызды сабақтастырып, Мәңгілік ел болудың дара жолына түскенімізді де баса айтты.

«Бүгінгі ана тілімізді түлетіп, ата дінімізді оралтқан айшықты елміз. Тағылымды тарихын түгендеген жоралы жұртпыз. Барша қазақтың басын біріктірген бәтуәлі ұлтпыз. Біз  даламыз бен қаламызды бірге көркейткен қуатты халықпыз. Арқа  төсіне Тәуелсіздіктің символы - Елордамызды орнатқан жасампаз жұртпыз.  Достықтың дара дәстүрлерін дамытқан біртұтас ұлтпыз. Көршімен тату, шалғаймен сыйлас өмір сүрудің өнегесін көрсеткен, салиқалы сыртқы саясат жүргізген ұлағатты ұлыспыз. Біз әлемдік қарусыздану ісінің  тізгінін ұстаған көшбасшы халықпыз. Алыс болашаққа көз тіккен мерейлі мемлекетпіз», - деп атап өтті Назарбаев.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    07 желтоқсан 2016 жыл АЛМАТЫДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика