Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы, мүфти Батырбек қажы Хадысұлын қабылдады.
Кездесуде дін төңірегіндегі жан-жақты ойлар қозғалып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарма тарапынан Моңғолия еліндегі мешіттерге қыс мезгіліндегі жылу жүйесіне қаржылай көмек беріп, қолдау жалғаса беретінін мәлімдеді.
Айта кетейік, ҚМДБ шеттегі қандас дін қызметкерлерін шапанмен, діни кітаптармен қамтамасыз еткен болатын.
Батырбек Хадысұлы өз кезегінде мүфтияттың бұл қамқорлығына алғысын білдірді. Сонымен қатар, еліміздің дамып, көркейіп келе жатқанына қуанышты екенін айтып, Моңғолия мұсылмандарының сәлемін жеткізді.
Пікірлер