Қарағанды 13:19 Бесін
  • 03:19 Таң
  • 05:20 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 18:41 Екінті
  • 21:07 Шам
  • 23:08 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

МҮФТИЯТТЫҢ БҰЛ ҚАДАМЫ ҚЫРАҒЫ ШЕШІМ, ҚҰПТАРЛЫҚ ІС БОЛДЫ – АБДОЛЛА ЖОЛДАС

Елімізге танымал ардагер ұстаз, исламтанушы ғалым Абдолла Жолдас рамазан айын анықтауға қатысты мүфтият мәлімдемесіне өзінің пікірін жолдады. А.Жолдастың пікірі төмендегідей:

 

Бисмиллаһир рахманир рахим

Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат-сәлемдер болсын!

 Ассаламуғалайкум, қадірлі бауырлар!

Рамазан айының, киелі, қасиетті күндердің, берекелі, мерекелі сәттердің келе жатқандығын мұсылмандарға жариялаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының соңғы шешімі жайлы да бір ауыз пікір білдіріп қойған жақсы.

Осы шешімді Діни басқармадан естіп: «Өте тамаша болды-ау, Құдайға шүкір», – деп қатты қуандым.

Бұрындары көршілес, хақ жамбасымызда отырған бауырлас Қырғызстан, Өзбекстан елдерімен оразамыз бір күн алда, бір күн кейін, айтымыз бір күн алда, бір күн кейін деген сияқты келеңсіз уақиғалардың куәсі болып едік.

Енді, Аллаға шүкір, Діни басқарманың ғылымды басшылыққа алып, астрономиялық орталықтармен бірлесе отырып, айдың көріну-көрінбеуін мұқият зерттеп, рамазан айының қашан туатынын анықтап, оразаның 17-мамырда басталатыны туралы шешім шығаруын өте қанағатпен, өте  ризашылықпен қабылдадым.

Осындай жүйелі жұмыс жасаған басшылыққа, істің  тиянақтылығын қадағалап, қырағылық танытқан Бас мүфти Серікбай Ораз бауырыма, шешімді шығаруға себепкер болған басқа да ғалым бауырларыма риза боп: «Мына істері керемет болды-ау, тәуба, тәуба. Тіл-аузым тасқа», – деп тілеулестігімді білдірдім.

Рамазан деген бізге Құдай Тағаланың жарылқап берген сыйлы уақыты. Оның ішінде, қасиетін Құдай Тағаладан артық айта алмайтын, «мың айдан артық» делінген Қадір түні болады. Ол түннің өзі ғана мың айдан артық болумен қатар, сол түні жасалған әрбір амал – қайыр-садақа, сөйленген сөз, істелген амал мың айда істелгеннен артық деген сөз. Әншейін түннің өзі артық дегеннің бер жағында бірталай сыр бар. Көрші елдермен ауызбіршілікпенен мұның бәрін сіз бен бізге жариялап отырғаны үлкен жақсылық.

Ауыз біршілік болмай істің берекесі  болмайды. Хазіреті Мұса ғалайһиссалам тұсында қуаңшылық болды. Жамағатты жинап, дұға-тілек тілеп еді, сонда да күн жаумады. Мұса – Алламен тікелей сөйлескен Пайғамбар. Алладан мұның себебін сұрап еді, «Қауымыңда бір сөз тасушы адам бар. Соның кесірінен», - деді. Міне, бір адамның болмашы көрінген бір ісі бір халықтың зардабына себеп болды. Сондықтан, біз  халықты ауызбіршілікке, берекеге шақыруымыз керек.

Діни басқарманың мына ісі осы тұрғыдан да аса құптарлық шешім болды деп бағалаймын.

 

Құрметпен,

Абдолла ЖОЛДАС,

танымал ұстаз, исламтанушы ғалым

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика