Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ПАВЛОДАР: «РАМАЗАН -НҰР ШАШҚАН АЙ» тақырыбында баспасөз брифинг өтті (ФОТО)
16 мамыр, 2018 жыл 189 Басып шығару нұсқасы

Баспасөз брифинг 14 мамыр(2018) сағат 12.00-де облыстық «Ертіс Медиа» орталығында өтті. Брифингке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы және облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қабаев Қанаттар қатысып өңірлік радио, газет, телеарналартілшілері және басқа да БАҚ өкілдерінің  сұрағына жауап береді.

Ораза – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат.  Яғни,тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның негізгі бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болады. Мұсылмандарға рамазан айында ораза ұстау – парыз. Шариғат терминінде Ораза - ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шанақтан бастап, күн батқанға дейін Оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы - ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.

 Ораза шартты ғибадат болғандықтан оны парыз ретінде кімнің орындауға міндеттілігі немесе кімдердің босатылатыны, қабыл болу-болмауының шарттары, бұзылатын немесе бұзылмайтын жағдайлары шариғатта бекітілген.

Қазақ дәстүрлі қоғамында ораза ғибадатын өтеуге байланысты ислам әдебімен орайлас, халықтың тұрмыс-салтына етене болып қалыптасқан игілікті дәстүрлер бар. Пайғамбар өсиетіне сай оразаның мұстахабын (орындаса сауап, орындамаса күнәсі жоқ) орындау үшін “таң сәресін” шүйіркелесіп ішу отбасының берекесін кіргізеді. Рамазан айында өзара  «ауызашарға» шақырысу дәстүрге айналған.

Аузы берік адамның бос сөзден, орынсыз әрекеттерден бойын аулақ салып, жаман істерден тыйылуы, ғибадатын арттырып, бос уақытын дін іліміне тереңдеп, зікір, салауат айтумен өткізуі абзал. Бұл да оразаның сауабын арттыратын амалдар.

 «Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері ҚМДБ-ның Төралқа мүшелерінің шешімі бойынша 300 теңге болып бекітілді.  Пітір садақаны тек ақшамен ғана емес, бидай, құрма, мейіз, арпа құнымен де беруге болады. Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Яғни, жарты сағ 1 келі 625 граммға тең.  Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.   Пітір садақаны беру мерзімі – Рамазан айы басталғаннан ораза айт намазына дейін болады.

 Рамазан айы мамырдың 17-нен 15 маусымға дейін жалғасады.

Қадір түні  маусымның 11-нен 12-не қараған түні.

Ораза айт 15 маусымда басталады.

Қасиетті Рамазана айы қарсаңында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі дін қайраткері, ақын, ойшыл, ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл толуы құрметіне арнап облыс мешітінің жамағаттары, жастар арасына  Мәшһүр Жүсіптің діни еңбектерін насихаттаған мақала жазудан бәйге ұймдастырады.  Сонымен қатар қала, аудан, ауыл имамдары арасына Мәшһүр Жүсіптің даналық ойлары мен сөздерінен кеңінен пайдаланған діни уағыз жазудан бәйге жүргізіледі.   Облыс мешіттерінде қасиетті Қадір түні арнай бағдарлама  арқылы белгілеп өткізеді. Ораза Айт мерекесінде   Павлодар қалалық мешіттері бірлесіп орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде мерекелік шаралар өткізеді»,-деді Жолдас Қоспақұлы журналистерге берген сұхбатында.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары