Қарағанды 07:17 Таң
  • 07:17 Таң
  • 08:51 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

«Ұлт ұстыны - Бұқар жырау» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді

Павлодар облысы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті және Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы бірлесіп 16 мамыр күні   қалалық «Естай» атындағы мәдениет сарайында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай  «Ұлт ұстыны - Бұқар жырау» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияға облысымыздың зиялы азаматтары, қаладағы барлық мектептердің тарих және әдебиет пәнінің ұстаздары, студенттер қатысты.

Шараның алдында Бұқар жырау Қалқаманұлының өмір-тарихына байланысты 7-8 минуттық бейнеролик көрсетіліп, айтыскер ақын Мизам Жұмәлі арнау жыр толғады.

Келесі кезекте білім саласында және әдебиет, мәдениет, өнер саласында елеулі үлес қосып жүрген ғылым докторлары Айтмұхамбет Тұрышов және Айман Файзоллақызы,  журналист Амантай Тойшыбайұлы, жазушы Ербол Мәтіұлы бастаған ғалымдар мен жазушылар Бұқар жырау бабамыздың өмірі, шығармашылығына қатысты баяндамалар оқыды.

Баяндамалар аяқталғаннан кейін конференцияға қатысушылардан қойылған сұрақтарға жауап беріліп,  белсенді азаматтар  жарыссөзге шықты.

«Конференция мақсаты өз  заманының заңғар тұлғасы болған Бұқар жырау бабамызды әлі де болса жақынырақ тауға, тереңірек білуге ұмтылу. Осы арқылы ел мүддесі мен бабаларымыздың арман-тілегін ұйысқан  жыраулар мұрасын  насихаттап,  рухани жаңғыру жолындағы бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар қылып ұсыну болмақ. Бір сөзбен айтқанда, Бұқар жырау бабамыздың қазақ тарихындағы кесек тұлғасын, жыраулық бағытындағы рухыңа қамшы салатын өрлік, имандылық, ақиқатшылдық, халықшылдық  жырларын насихаттау, осы арқылы рухани жаңғырту, ұрпақ тәрбиелеу, сол ұрпақтың ұлттық кодын оятуда үлкен үлес болмақ»,-деді ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    11 желтоқсан 2018 жыл Қызылордада Мәуліт кеші өтті
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика