Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ ТАРАУИХ НАМАЗЫНДА ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)
17 мамыр, 2018 жыл 169 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен тарауих намазына қатысып, жамағатқа оразаның мәні мен мағынасы жайлы насихат айтты.

«Рамазан – тәрбие айы. Ауыз бекіткен адам тілін жаман сөзден тежейді. Өйт­кені ардақты пайғамбарымыз Мұхам­мед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім болса да ораза ұстаған күні жаман сөз айтпасын, әрі ешкімге дауыс көтермесін...», – деп өсиет еткен. Ра­сында, Алла тағала үшін тілін өтірік пен ғайбат сөзден тыймаған пендесінің ұстаған оразасы қажет емес. Рамазан – қасиетті Құран түскен ай. Бұл айда адам баласын тура жол мен бақытқа бастайтын, ақиқат пен жалған­ның аражігін ажырататын Құран аяттары түсе бастады. Ораза кезінде Құранды ке­мін­де бір рет толық оқудың, мән-ма­ғы­­на­сын көңілге тоқудың сауабы айрық­ша. Рамазан – сабыр айы. Аузы берік адам кейбір кісілердің дөрекі сөзі мен әдепсіз әрекетіне сабыр сақтап: «Мен оразамын», – деген сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, төзімділік танытады. Ал сабыр иесіне берілетін сый – жәннат. Рамазан – өзгеру айы. Қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді», – деп баяндалған. Оразада адамның тұла бойы ізгілікке толып, сана-сезімі өзгереді. Бұл – қабыл болған оразаның көрінісі. Өзін өзгертуге тырысқан пенде Жаратқанның жарылқауына кенеледі», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы бір ай бойы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Құранды толық оқитын қариларды жамағатқа таныстырып, оларға ізгі ниеті мен тілегін жеткізді.

Тарауих намазынан кейін Бас мүфти бата жасап, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары