Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы Орталық мешітіндегі тарауық намазы
18 мамыр, 2018 жыл 175 Басып шығару нұсқасы

Алматы қаласы Орталық мешітінде тарауық намазы оқылды. Мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы тарауыққа жиылған жамағатты құттықтап, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының құттықтауын жеткізді:

«Алла Тағала баршамызды қасиетті айға аман-есен жеткізгені үшін Оған мақтау мен мадақтар болсын. Осы айда жасалатын барша дұға-тілектерді, құлшылық пен мінәжаттарымызды Алла қабыл етсін. Сауаптары 10 еседен, 700 есеге дейін еселенетін берекелі айда салихалы амалдарды көптеп жасауымызға Раббымыз сәттілігін берсін. Сауабын Жалғыз Жаратушымыз ғана беретін оразаларымызды Алла қабыл етсін», – деді.

Сонымен қатар, Рамазан бойы Алматы қаласы Орталық мешітінде тарауық намаздарында қасиетті Құран Кәрімді хатым ететін қариларды таныстырды. Күнделікті тарауық намазында: Еркінбек қари Керімбекұлы, Ерсін Әміре, Серік Ахметов секілді қариларымыз жамағатқа Алланың Кәләмін жеткізіп, басынан аяғына дейін хатым жасайтын болады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары