Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Үшқоңыр медресе колледжі студенті жеңімпазы атанды
19 мамыр, 2018 жыл 373 Басып шығару нұсқасы

Мамыр айының 12 жұлдызында Кіші ғылым Академиясының Республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциясы Алматы қаласы Орта-Азиялық университетінің ғимаратында өтті. Жоғары деңгейде өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда Республика колледждерінен 500 шақты студент өз білімдерін көрсетті, ғылым саласында алғашқы қадамдарымен, зерттеушілік тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақ тілі бөлімі бойынша, исламтану арнайы пәні мұғалімі Мырзабаева Камила Есенгелдиевнаның  жетекшілігімен  колледждің 2 курс студенті Кәмила Нұрымова «Латын әліпбиіне оралудың ұтымды тұстары» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын ұсынып, жүлделі II орынды иеленді.

Айта кету керек, осыдан екі ай бұрын 18 наурыз күні Кіші Ғылым Академиясының Алматы облысының 11-ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткен болатын. Осы 500-дей студент қатысқан іріктеуден Үшқоңыр медресе колледжінен 6 ұл бала, 8 қыз бала қатысып  «Латын әліпбиіне оралудың ұтымды тұстары» тақырыбы бойынша тек  Кәмила Нұрымова республикалық конференцияға жолдама алған болатын.

Студенттеріміздің алдағы уақытта әлі талай білім мен ғылым белестерін бағындыратынына сеніміміз мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары