Маңғыстау жұрты қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде қарсы алды. Қасиетті ай қарсаңында мешіттерде тарауих намаздары оқылып, ел тыныштығы үшін дұға жасалды.
Жылдағы үрдіске сай мешіт ауласында ақ дастархан жайылып, ораза ұстаушыларға қызмет көрсетілуде. Оразаның алғашқы күні Облыстық дін істер басқармасы қызметкерлеріде қонақта болды. Сонымен қатар, Маңғыстау өңіріне арнайы іс-сапармен келген кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова алғашқы ауыз ашар қонағы болды. Дастархан басында дін қызметкерлеріне деген өзінің алғысын білдіріп, істерінің жемісті болуын тіледі.
Өкіл имам Смайыл Сейтбеков келген қонақтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, өз алғысын білдірді.
Пікірлер