Хромтау аудандық «Нұр» мешітіндегі тарауих намазында Түркия елінен келген қари хатым түсіруде. Діни басқарманың жолдамасымен келген қаридің есімі – Локман Йылмаз. Анталия қаласында тұрады. 2001-2005 жылдар аралығында имам-хатиб мамандығы бойынша білім алған. Арнайы Құран курсын тәмамдаған.
Алғашқы күні мешіттің бас имамы Алмат Әли қариді жамағатқа таныстырды. Сұхбатқа теолог Төлеген Талдыбаев те қатысып, мейманның сөздерін түрік тілінен қазақ тіліне аударып берді.
Мешіттегі алғашқы тарауық намазында хромтаулық жамағатқа ораза кестелерімен қоса, 500-ге жуық "Ораза жəне оған қатысты мәселелер" атты бүктемелер таратылды. Онда оразаға қатысты жиі кезедсетін сұрақ-жауаптар қамтылған.
Пікірлер