Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Өкіл имам телеарнаға сұхбат берді
19 мамыр, 2018 жыл 187 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айында  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, Орал орталық мешітінің  бас имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов республикалық «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» тікелей бағдарламасына  сұхбат берді.

Сұхбат қасиетті Рамазан айы турасында өрбіді. Қасиетті айдағы құлшылықтар, ораза ұстаудың негізгі шарттары және ораза ұстаушыларға кеңестер берілді.

Бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы өз сұхбатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының Рамазан айына арнаған құттықтауы мен қайырымдылық шарасы мен сауапты істерін тұрғындарға жеткізді. Сондай-ақ, Рамазан айындағы көп туындайтын сұрақтарға жауап беріп, тарауих намазының сауабы жайлы да тарқатып жеткізді.

Рамазан айы бағытында өрбіген сұхбат барысында осы айда атқарылатын біршама игі шаралар, мешіт дайындықтары да сөз болды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары