Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жарапазанмен әрленген ауызашар
23 мамыр, 2018 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінде  қасиетті Рамазан айының 5-жаңасында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти  Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасымен 200 адамға арнап жайылған ауызашар дастарханы Жарапазан айтумен басталды. Әнші, өнерпаз жігіттер дәстүрлі жарапазанның бірнеше нұсқасын әртүрлі әуенмен әндетіп қауымның жадын жаңғыртып, санасын серпілтті.

Мүфти хазрет жуырда қасиетті Рамазан айында Жарапазан айту дәстүрі туралы тілге тиек еткен болатын. Дастархан басында өкіл имам Жолдас Қоспақұлы қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ораза ұстаудың маңызы туралы уағыз-насихаттар айтып, оразаның әр күнін қайырлы, сауапты амалдарға арнап отыруға үндеді. Ауызашарға арнайы мейман ретінде қатысқан Павлодар облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеев те ораза ұстаған көпшілікке жылы лебіздерін  арнады.

Облысымызға танымал жас ақындар Қуанышбек Қазыбекұлы, Абзал Қабдыраш, Оразбек Саяхаттар ауызашар көркін қыздырып иләһи жырларын оқыды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары