ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ САТПАЕВТА БАС ҚОСТЫ

Қарағанды облысына қарасты, Сатпаев қаласы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінде әйелдер жамағатына арналған келелі кездесу өтті. Аталмыш рухани шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты маманы, «Әнет баба» мешітінің ұстазды Бакирова Арай Серғалиқызы қатысты. Кездесу барысында «Ислам дініндегі әйел адамның мәртебесі мен негізгі міндеттері» тақырыбы қозғалды. Сонымен қатар, әйел адам үшін білім алудың маңыздылығы мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелер қозғалды. Қатысушылардың тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, өзекті сұрақтарға ұтымды жауап берілді. Кеш соңында әйелдер жамағатына берекелі дастархан жайылып, Құран оқылып, бата берілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін