Қала жастары мешіт ауласына тазалық жүргізді

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  «Жастар ісі»  секторының жауапты маманы Махмұд Бекболатұлының ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ауласы қатқақ мұздан тазартылды.  

Артынша берекелі дастарханда бас қосып, уағыз-насихат тыңдады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Тазалық-иманның жартысы» деген хадисін өмірлік ұстанымдары қылған қала жастары мешіт тазалығына аса мәнберетіндерін, сонымен қоса осы сынды шараларда аянбай қызмет ететіндерін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін