ҚМДБ-ның Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы жүзеге асып, әлеуметтік көмекке мұқтаж он отбасыға азық-түлік қоржыны үлестірілді.
"Қайырымдылық-қайырлы іс". Абай ауданында арасы суымай үздіксіз өткізіліп келе жатқан сауапты һәм қайырлы істер Топар кентінде жалғасты. Игі шара аймақтық мешіттің имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Шара барысында көп балалы, жалғыз басты және әлеуметтік көмекке мұқтаж он отбасыға қайырымдылық қоржындары жеткізіліп берілді. Жылдың соңын сауапты істермен аяқап жатқан аймақтық мешітте алдағы уақытта да игі істер өз жалғасын таппақ.