Абай жастары мешіт ауласын қалың қардан тазартты

   Абай аудандық мешітінің ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-деген ұстаныммен мешіт ауласын қалың қардан тазартуға аймақ жастары ат салысты.

 Игі шара «Жастар ісі» секторының Абай ауданы бойынша жауапты маманы Шарифулла Шадиевтің  ұйымдастыруымен іске асты. 

Сыртқы тазалық адамзат баласын өркениеттілікке жетелейді. Ішкі тазалық – исламның барлық міндеттерін орындауда жүрек арқылы ұғынған (тасдик) және іс-әрекет арқылы сенімнің бір бөлігін көрсететін рухани – өнегелік тазалық.  

Алла тағала ислам діні арқылы адамға берілген денсаулық кепілі секілді, тазалыққа да үлкен мән береді және қоршаған ортадағы тазалықты қолдауға  шақырады.                 

              

Қарағанды облысының баспасөз қызметі    

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін