«Иман және ихсан»: «Қазыбек би» мешіті жамағаты бас қосты

  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда, Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті мұсылман қауымының бірлігін нығайтып, берекелі, ізгі қоғам орнату мақсатында мешіт жамағатына арналған рухани отырыс ұйымдастырды.

Игі шара Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен жүзеге асты.

Келелі отырысқа Қарағанды қалалық «Хазрет Әли» мешітінің имамы Әлімжан Қазақбайұлы арнайы қатысып,  жиналған жамағатқа "Ихсан ілімі" аясында уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, рухани отырысқа қатысушылардың көкейлерінде жүрген  сұрақтарына жауап берді. 

 

Қарағанды облысы бойынша  баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін