«Төлеутай ата» мешітінде азан жарысы болып өтті

   Қарағанды облысы, Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінің имамы Серік Аманбайұлының ұйымдастыруымен азан жарысы болып өтті.

Сайысқа мешітте білімін жетілдіріп жүрген шәкірттер  мен жамағаты қатысып, азан айту шеберлігін сарапқа салды.

«Азан үні исламның бір кереметі саналады. Біздің бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз –жамағаттың азан айту шеберлігін шыңдау, ынталандыру», – деп атап өтті мешіт имамы Серік Аманбайұлы өз сөзінде.

Қатысушылар сайыста белсенділік көрсетті. Азан жарысының жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында мешіт имамы азанның кереметі жайлы насихат айтты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет

 

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін