Ақадыр кентінің тұрғынына баспана тарту етілді

   Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінің жанашыр жамағаты тілсіз жаудың салдарынан үйсіз қалған аймақ тұрғынына жаңа баспананың кілтін тарту етті.

Еске салар болсақ, былтыр орын алған тілсіз жаудың салдарынан аймақ тұрғынының үйі өртеніп, қиын жағдайға душар болғаны мәлім. Қамкөңіл жанға демеу көрсетіп, қолдау білдіру мақсатында аймақ тұрғындары бірігіп жаңа баспананың құрылыс жұмыстарын бастаған болатын. Бүгінде игі іс сәтті аяқталып, үй иесіне жаңа паспананың кілті табысталды. Игі іс аймақтың жанашыр азаматы болған Мерей Қойшыбаев есімді азаматтың бастамасымен жүзеге асты. Шараға аймақ имамы Азамат Серікұлы арнайы қатысып, берекелі іске мұрындық болған жергілікті тұрғындарға алғысын білдіріп, насихат айтты. Сондай ақ, мешіт атынан кілем тарту етті.

Қарағанлы облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін