Қарағанды облысына қарасты аймақтарда өз кезегімен жүзеге асып жатқан «Дін мен дәстүр» бағыты Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты.
Аймақ имамы Қанат Мұхаммед Серікұлының ұйымдастыруымен өткен шараға ауыл әкімі және Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Кублайханов Митератбек Орынбекұлы арнайы қатысты.
Шара барысында алда келе жатқан қасиетті рамазан айы мен әз-наурыз мерекесі ұлықталды. Кеш соңында ауыл имамы аймақтың рухани дамуы жолында қаржырлы қызмет етіп жүген аудан имамына алғыс хат табыстап, ризашылығын білдірді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі