Рамазан айына бағытталған кезекті жиын «Әл Машани» мешітінде өтті

    Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен қасиетті рамазан айында дайындық жүргізу мақсатына бағытталған кезекті жиын қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы жалғасты Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Кезекті жиынға мешітінің наиб имамдары, ұстаздар мен молдалар және басқа да дін қызметкерлері қатысты. 

Жиында алда келе жатқан қасиетті рамазан айына бірқарат жоспарлар жүйеленіп, талқыға салынды. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамының тарапынан жүктелген  тапсырмалар жүйеленді. 

Мешіт имамы дін қызметкерлеріне берекелі айда жүзеге асатын қайырымдылық шараларды, уағыз-насихат, қоғаммен байланыс, дін мен дәстүр, ауызашар, тарауық намазын жоғары деңгейде ұйымдастыу сынды бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін