Күні кеше «Төлеутай ата» мешітінің имамы Серік Аманбайұлының ұйымдастыруымен арнайы жиын болып өтті.
Мешітке қарасты дін қызметкерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен рамазан айы қарсаңында өткен дәстүрлі Төралқа мәжілісінде қаралған мәселелер мен соңғы шыққан пәтуалар ортаға салынды.