«Дін мен дәстүр» «Бала қажы» мешітінде насихатталды

   «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты мереке құрметіне ұйымдастырылған берекелі дастарханда бас қосты.

Шара барысында мешіт имамы дүйім жұртты әз наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар,  рамазан айының қадір қасиеті жайлы насихат айтты. Сондай ақ,  мереке құрметіне мешіт қызметкерлеріне арнайы қаржылай сыйақы табыстады.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін