Ақтоғайда «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылып, ауызашар берілді

   Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай аудандық мешітінде жамағатқа алғашқы ауызашар дастарханы жайылып, «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы әрі «Шариға және пәтуа» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Юсуфбек Шұғайұлы жамағатқа уағыз-насихат жүргізді. 

Одан кейін, аймақтық мешітте жамағатқа «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылып, жамағаттың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін