«Фәжір» және «Нәс» сүрелері арасында сайыс өтті

    Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінде «Фәжір» және «Нәс» сүрелері арасында құран жарысы ұйымдастырылды.

Қасиетті рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған сайысқа аймаққа қарасты мешіт жамағаты қатысты. Сайыс аймақ имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының рамазан айына құттықтау тілігімен бастау алды. Одан кейін, сайыс қатысушыларына сәттілік тілеп, батасын берді.

Сайыс тартысты өтіп, жүлделі орын алған жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен қаржылай сертфикат (І орын 70 000 теңге; ІІ 60 000 теңге; ІІІ 45 000 теңге ) тарту етілді. Сонымен қатар, басқа да қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары тарту етілді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін