Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен аймақ жамағаты мен жастарына және мешіт шәкірттеріне арналған «Берекелі Рамазан» және «Бас имам сағаты» атты рухани кеш болып өтті.
Шарада кештің құрметті қонақтары жайылған берекелі дастарханда бас қосты. Мешіт имамы жиналған қауымды рамазан айымен құттықтап, рухани кемелдену айында «Құран оқудың артықшылығы», «дұрыс ораза ұстану», «Берекелі айды құлшылықпен өткізу» тақырыптары аясында насихат айтып, дәріс өткізді. Сонымен қатар, имам жамағаттың түрлі сұрақтарына жауап беру мақсатында «Бас имам сағаты» айдары аясында сұрақ-жауап өткізді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі