Қарағанды облысына қарасты Нұра аудандық мешітінің имамы Ерлан Серікұлының ұйымдастыруымен «Қадір түнім қасиетім» атты рухани кеш өтті.
Шарада аудан имамы уағыз-насихат айтып, жергілікті халықты берекелі айдың қасиетті түнімен құттықтады. Жамағаттың әр-түрлі тақырыптағы сұрақтарына жауап берілді. Одан кейін, мешіт асханасында 200 адамға ас сәресі берілді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі