Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің дін қызметкерлері Қарағанды облыстық құқық қорғау органының мамандарымен кездесу өткізді.
Келелі кездесуде облыстық мешіттің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы мекеме қызметкерлеріне жат ағымның алдын алу және тұрмыстық зорлық зомдылыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Одан кейін «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Юсуфбек Шұғайұлы «Пәтуа сағатын» өткізіп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі