«Әлихан Бөкейхан мешітінде қазақ күресінен сайыс өтті

     Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде ораза айт мейрамының құрметіне орай қазақ күресінен сайыс болып өтті.

Мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлының ұйымдастыруымен өткен дүбірлі додада мешіт жамағатынан құралған палуандар бақ сынасты. 

Сайыста жүзден жүйрік озған палуандарға мешіт имамы жүлделі орындарды табыстап,  қаржылай сыйлықтармен марапатталды. 

Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанып, бірінші орынды қанжығасына байлаған сайыс жеңімпазына 110 000 теңге қаржылай сыйлық тарту етілді. 
Кезекті екінші орын иегері  50 000 теңгені олжаласа,   жүлделі үшінші орын иегері 30 000 теңгені иеленді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін