«Әл Машани» мешітінде айт намазы оқылды

    ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде  мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті.

Ұлық мейрамда аймақ имамы Сайлау Жұмағұлұлы жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды. 

Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін