ҚМДБ-ның Темітау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті.
Ұлық мейрамда аймақ имамы Бейбіт Бақытжанұлы жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды.
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі