«Da`mdissimo» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

   Қарағанды қаласындағы  фаст-фуд дәмханаларының бірі «Абуталип» ЖК «Da`mdissimo» тамақтану орны ҚМДБ Халал Даму сертификатын иеленді.

 Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде имам Серік Аманбайұлы кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Мекемеге ҚМДБ-ның Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Рахимбекұлы және діни басқармадан келген технолог мамандар тексеріс жұмыстарын жүргізді.

««Da`mdissimo»» фаст-фуд өнімдері «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттары бойынша сертификаттаудан өткендігін хабарлаймыз!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін