Абай мешітінде сыртқы жөндеу жұмыстары басталды

   Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен  мешіт ауласында жөндеу жұмыстары басталды.

Атап айтқанда, мешіттің сыртқы қабырғалары жөндеуден өткізіліп, аулаға тас төсеу жұмыстары жүргізілмек.

Күні бүгінге дейін мешіттің намазханасы мен дәлізі толықтай жылы еденмен жабдықталған болатын.

Қазіргі уақытта мешіт жанынан арнайы дәретхана мен мәйітхана құрылысы жүргізіліп, аяқталуға жақын қалды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі   

 

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін