Шәкірттер медресеге аттанды

   Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің имамы Азамат Серікұлының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіті жанындағы діни сауат ашу медресесіне білім алуға аттанды.

Жазғы демалыстарын діни ілім алуға арнаған жас жеткіншектер ендігі уақытта жақын арада ашылған Үштөбе ауылындағы медреседе сауат ашпақ. Мұнда олар он бес күн діни білім алып, Құран ілімдерімен сусындамақ. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін