Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Имани жаз» атты жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге мешіт имамы Махмұд Нұрұлы арнайы сертификат табыстап, бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Шараға Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы арнайы қатысып, бүлдіршіндерге "Білім алудың артықшылығы" тақырыбында насихат айтып, батасын берді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. Марапаттау рәсімінен кейін балаларға сыйлықтар табысталды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі