Ақтоғай ауданына имам тағайындалды

   ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Капас Еркін Әуелбекұлы   Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай аудандық  мешітінің  имамы болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы  жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ, Ақтоғай аудандық  мешітінде бұған дейін имамдық қызметін абыройлы атқарып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Рысбай Асыл Көшкенұлының жасаған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.

Капас Еркін Әуелбекұлы 1996 жылы 27 - тамызда Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауданында дүниеге келген.  

Білімі:
-    2015-2016 жж  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанындағы «О.Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығы;
-    2021-2023 жж Алматы қаласы, «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университеті.

Үйленген, 2 баласы бар.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін