Мешіт жамағаты жаңа қызметке ауысқан имамдарды құрметпен шығарып салды

   ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің екі бірдей наиб имамының жаңа қызметке ауысуына орай  мешіт жамағаты бүгін арнайы ризашылықтарын білдіріп, ақ тілек-баталарымен шығарып салды. 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, Саран қалалық мешітінің имамы қызметіне тағайындалған болатын. Сондай-ақ, бұған дейін облыстық мешітте наиб имам қызметін атқарған Ильмеев Талғат Қарағанды қалалық «Хазрет Әли» мешітінің наиб имамы қызметіне ауысты.  

Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Дархан Асылтайұлы облыстық мешітте жауапты қызмет атқарып, бірқатар игі істерге себепші болған  имамдарға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының  атынан арнайы алғыс хатын табыстап, қазақы дәстүр бойынша иықтарына шапан жапты. 

Жаңа қызметке ауысқан имамдарға мешіт ақсақалдары ақ батасын беріп, жамағаттың алғыс лебізін жеткізіп, атқарған жұмыстарына дән ризашылықтарын білдірді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін